Коронавирус пен пневмониядан 110 адам қайтыс болды

1267

Өткен тәулікте 7 мыңға жуық адамнан COVID-19 анықталды.

Коронавирус пен пневмониядан 110 адам қайтыс болды

Елімізде COVID-19 бен пневмониядан 110 адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 6 797 дерегі тіркелген. Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 542 703-ке жетті.

Сондай-ақ 2 625 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері Қазақстанда 452 002 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

27 шілдедегі мәлімет бойынша 87 094 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың ішінде 24 328 пациент стационарда, 62 766 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 461 адамның жағдайы ауыр, 306 пациенттің жағдайы өте ауыр, 182 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Сонымен қатар COVID-19 бен пневмониядан 110 адам көз жұмды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Сары аймақта": Түркістан облысы.

Айта кетейік, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін  5 188 266 адам, екінші компонентін 3 356 960 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу