Коронавирус пен пневмониядан 123 адам қайтыс болды

1038

507 науқас өте ауыр халде жатыр. 

Коронавирус пен пневмониядан 123 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 7 217 дерегі тіркелді. Осылайша, COVID-19
жұқтырғандар саны 694 476-ға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

5 421 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері елімізде барлығы 572 034 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

16 тамыздағы мәлімет бойынша 119 547 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 31 910 пациент стационарда, 87 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 937 адамның жағдайы ауыр, 507 пациенттің жағдайы өте ауыр, 228 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған",  деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 123 адам өлімі тіркелді.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл аймақта": Түркістан облысы.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 092 882 адам, екінші компонентін 4 717 883 адам салдырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу