Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус пен пневмониядан 157 адам өлімі тіркелді.
Өткен тәулікте 5 993 адам коронавирус жұқтырды. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 779 927 жетті.
5 271 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 662 158 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
29 тамыздағы мәлімет бойынша 115 489 адам коронавирустан емделіп жатыр.
"Олардың ішінде 25 753 пациент стационарда, 89 736 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 796 адамның жағдайы ауыр, 493 пациенттің жағдайы өте ауыр, 237 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 592 369 адам, екінші компонентін 5 317 112 адам салдырды.