Коронавирус пен пневмониядан 158 адам қайтыс болды

1253

Елімізде күніне 7 мыңнан аса адам СOVID-19 жұқтырып жатыр. 

Коронавирус пен пневмониядан 158 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан 125 адам, пневмониядан 33 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте СOVID-19 жұқтырған 7 792 жағдай тіркелген. Осылайша, коронавирус жұқтырғандар саны 610 744-ке жетті.

7 276 адам СOVID-19-дан айықты. Пандемия басталғалы бері елімізде барлығы 499 965 адам коронавирустан емделіп, сауығып шықты.

5 тамыздағы мәлімет бойынша 107 600 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 832 адамның жағдайы ауыр, 417 пациенттің жағдайы өте ауыр, 202 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 158 адам өлімі тіркелді. 

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл аймақта": Түркістан облысы.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 5 млн 584 мың 190 адам, екінші компонентін 4 млн 148 мың 969 адам салдырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу