Коронавирус пен пневмониядан 20 адам көз жұмды

1036

127 науқастың жағдайы өте ауыр. 

Коронавирус пен пневмониядан 20 адам көз жұмды

Елде COVID-19 вирусы мен пневмониядан 20 адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 20 адам өлімі тіркелген.

14 қарашадағы мәлімет бойынша 34 972 адам коронавирустан емделіп жатыр. 
 
"Олардың ішінде 6 736 пациент стационарда, 28 236 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 503 адамның жағдайы ауыр, 127 пациенттің жағдайы өте ауыр, 89 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", – деп жазылған хабарламада.

Өткен тәулікте 1 133 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Осылайша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 956 499 жетті.   

Сондай-ақ өткен тәулікте 1 487 адам COVID-19 вирусынан айықты.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 533 457 адам, екінші компонентін 7 811 435 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу