Коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды

826

70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды

Елімізде COVID-19 вирусы мен пневмониядан 23 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өткен тәулікте 1 321 адамнан коронавирус анықталып, ауру жұқтырғандар саны 421 мың 121-ге жетті.

Өткен тәулікте 1 262 адам COVID-19 вирусынан айықты. Осылайша, елімізде 394 мың 39 адам аурудан сауығып шықты.

29 маусымдағы мәлімет бойынша 24 мың 22 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

"7 мың 125 пациент стационарда, 16 мың 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 485 адамның жағдайы ауыр, 104 пациенттің жағдайы өте ауыр, 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;

"Сары аймақта": Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.

"Жасыл аймақта": Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 3 млн 246 мың 795 адам, II компонентін 1 млн 954 мың 372 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу