Коронавирус пен пневмониядан 28 адам қайтыс болды

685

5 өңір "қызыл аймақта" тұр.

Коронавирус пен пневмониядан 28 адам қайтыс болды

Қазақстанда COVID-19 вирусы мен пневмониядан 28 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус пен пневмониядан 28 адам өлімі тіркелген.

Өткен тәулікте 1 697 адам COVID-19 вирусы жұқтырған. Осылайша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 936 084 жетті. 2 141 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 881 124 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

29 қазандағы мәлімет бойынша 48 742 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 8 435 пациент стационарда, 40 307 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 587 адамның жағдайы ауыр, 154 пациенттің жағдайы өте ауыр, 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", – деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 

"Сары аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстары.

"Жасыл аймақта": Шымкент қаласы мен Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Сондай-ақ елде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 257 226 адам, екінші компонентін 7 449 299 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу