Коронавирус пен пневмониядан 34 адам көз жұмды

759

161 науқас өте ауыр халде жатыр.

Коронавирус пен пневмониядан 34 адам көз жұмды

Елімізде COVID-19 вирусы мен пневмониядан 34 адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 2 800 жағдай тіркелген. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 445 091-ге жетті.

Сондай-ақ елімізде 1 383  адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 406 282 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

8 шілдедегі мәлімет бойынша 35 554 адам коронавирустан емделіп жатыр.

 "Олардың ішінде 10 940 пациент стационарда, 24 614 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 709 адамның жағдайы ауыр, 161 пациенттің жағдайы өте ауыр, 91 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар коронавирус пен пневмониядан 34 адам көз жұмды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары;

"Сары аймақта": Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан  облыстары;

 "Жасыл аймақта": Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, COVID-19-ға қарсы вакцинанының I компонентін 4 020 128 адам, II компонентін 2 283 761 адам алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу