Коронавирус пен пневмониядан 43 адам қайтыс болды

678

203 науқас өте ауыр халде жатыр.

Коронавирус пен пневмониядан 43 адам қайтыс болды

Қазақстанда COVID-19 бен пневмониядан 43 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус пен пневмониядан 43 адам өлімі тіркелген.

Өткен тәулікте 1 940 адамнан COVID-19 анықталған. Осылайша елде коронавирус жұқтырғандар саны 902 061 жетті. 

2 399 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 843 654 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

9 қазандағы мәлімет бойынша 54 250 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 9 384 пациент стационарда, 44 866 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 703 адамның жағдайы ауыр, 203 пациенттің жағдайы өте ауыр, 135 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", – деп жазылған хабарламада.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 7 831 773 адам, II компонентін 6 864 781 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу