Коронавирус пен пневмониядан 70 адам қайтыс болды

760

317 науқастың жағдайы өте ауыр.

Коронавирус пен пневмониядан 70 адам қайтыс болды

Елде COVID-19 бен пневмониядан 70 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус пен пневмониядан адам өлімінің 70 дерегі тіркелген.

Өткен тәулікте 3 081 адамнан COVID-19 анықталды. Осылайша, коронавирус жұқтырғандар саны 854 742-ге жетті.

4 763 адам COVID-19-дан айықты. Пандемия басталғалы бері 779 869 адам коронавирустан емделіп, сауығып шықты.

17 қыркүйектегі мәлімет бойынша 72 789 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

"Олардың ішінде 13 610 пациент стационарда, 59 179 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 064 адамның жағдайы ауыр, 317 пациенттің жағдайы өте ауыр, 192 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 228 047 адам, екінші компонентін 6 059 729 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу