Коронавирус пен пневмониядан 83 адам көз жұмды

634

Қазақстанда 2 мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Коронавирус пен пневмониядан 83 адам көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 801 дерегі тіркелді. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 845 388-ге жетті.

4 386 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 766 435 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

14 қыркүйектегі мәлімет бойынша 76 858 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 15 308 пациент стационарда, 61 550 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 196 адамның жағдайы ауыр, 345 пациенттің жағдайы өте ауыр, 194 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 83 адам көз жұмды.

2021 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 126 777 адам, екінші компонентін 5 944 855 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу