Коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

747

106 науқастың жағдайы өте ауыр.

Коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

Елімізде СOVID-19 вирусы мен пневмониядан 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өткен тәулікте 1 174 адамнан коронавирус анықталды. Пандемия басталғалы бері Қазақстанда 406 383 адам СOVID-19 вирусын жұқтырды.

Өткен тәулікте 1435 адам коронавирустан айықты. Осылайша, аурудан жазылғандар саны 382 461 адамға жетті.

18 маусымдағы мәлімет бойынша 20 899 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 6 403 пациент стационарда, 14 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 442 адамның жағдайы ауыр, 106 пациенттің жағдайы өте ауыр, 72 науқас өкпені желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар СOVID-19 вирусы мен пневмониядан 9 адам қайтыс болған.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан қаласы. 

"Сары аймақта": Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

"Жасыл аймақта": Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, елімізде СOVID-19-ға қарсы вакцинаның I компонентін 2 млн 676 мың 299 адам, II компонентін 1 млн 578 мың 894 адам алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу