Коронавирус пен пневмониядан тағы 19 адам қайтыс болды

700

113 науқас өте ауыр халде жатыр.

Коронавирус пен пневмониядан тағы 19 адам қайтыс болды Фото: Максим Морозов

Коронавирус пен пневмониядан 19 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомствоаралық комиссия мәліметінше, коронавирус пен СOVID-19 белгісі бар пневмониядан 19 адам көз жұмған.

Өткен тәулікте 967 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда СOVID-19 жұқтырғандар саны 402 239-ға жетті.

Өткен тәулікте 811 адам коронавирутан айықты. Пандемия басталғалы бері 
377 642 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

14 маусымдағы мәлімет бойынша 21 537 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Оның ішінде 7 075 пациент стационарда, 14 462 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 512 адамның жағдайы ауыр, 113 пациенттің жағдайы өте ауыр, 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада. 

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан қаласы;

"Сары аймақта": Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;

"Жасыл аймақта": Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус қарсы вакцинаның I компонентін 2 млн 506 мың 157 адам, II компонентін 1 млн 384 мың 29 адам салдырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу