Коронавирус пен пневмониядан тағы 54 адам көз жұмды

1179

Қазақстанда өткен тәулікте 5 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Коронавирус пен пневмониядан тағы 54 адам көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 5 648 дерегі тіркелген. Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 477 754-ке жетті.

Өткен тәулікте 3 012 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері Қазақстанда 423 996 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Коронавирус пен пневмониядан 54 адам қайтыс болды.

16 шілдедегі мәлімет бойынша 50 457 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 16 186 пациент стационарда, 34 271 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 934 адамның жағдайы ауыр, 225 пациенттің жағдайы өте ауыр, 117 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Елімізде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес 13 өңір "қызыл аймақта" тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

2 өңір "сары аймақта": Алматы және Жамбыл облыстары, ал "жасыл аймақта" Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары. 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның бірінші компонентін 4 776 755 адам, екінші компонентін 2 661 833 адам салдырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу