Коронавирус: Ресейде оқшаулану режимі 12 мамырдан бастап күшін жояды

676

Ел президенті Владимир Путин үкіметке осындай тапсырды.  

Коронавирус: Ресейде оқшаулану режимі 12 мамырдан бастап күшін жояды

Сонымен қатар елде 11 мамырға дейін демалыс болып жарияланды. Жұмыстан уақытша босатылғандардың жалақысы сақталады. Бұл туралы Владимир Путин халыққа үндеуінде осылай деп мәлімдеді. Бірақ ол шектеу шараларының күші бір сәтте жойылмайтынын алға тартты.

Мемлекет басшысы билік пен дәрігерлердің індетті тежей алғанын, бірақ оның шарықтау шегінің әлі аяқталмағанын айтты. Осы орайда ол тұрғындарды әзірге оқшаулану шараларын қатаң сақтауға шақырды. Оның сөзінше, халық неғұрлым ережені қатаң сақтаса, соғұрлым тезірек бұл сын-тегеурінді еңсеруге болады.

Өз үндеуінде Путин жаңа коронавирус инфекциясымен күрес жүргізіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғысын білдіріп, 28 сәуірді жедел жәрдем күні деп жариялауға ұсыныс тастады.

5 мамырға дейін үкімет өңірлер үшін оқшаулану режимі пен бизнеске арналған шектеу шараларын біртіндеп тоқтату нұсқаулықтарын әзірлейді.Сондай-ақ қарапайым халық пен бизнеске арналған қолдау шараларын да дайындамақ. Губернаторлар болса, облыстарды қашан және қалай бұрынғы қалыпына келтіретінін өздері шешеді. Оларға шектеулерді тек 12 мамырдан бастап қысқартуға рұқсат берілді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу