Коронавирус Ресейге жетті

932

Ресей аумағында коронавирус жұқтырған екі адам анықталды.  

Коронавирус Ресейге жетті

РФ вице-премьері, Ресей аумағында жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі штаб төрайымы Татьяна Голикова коронавирусты жұқтырған қытайлық азамат екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Ресейдің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл – ауқатын қорғау саласындағы қадағалау қызметінің қызметкерлері РФ аумағында коронавирустың жаңа инфекциясын жұқтырған Забайкалье өлкесінде және Түмен облысында екі науқасты анықтады. Олар қатаң бақылауда, оқшауланған, оларға қажетті көмек көрсетілуде. Екеуі де Қытай азаматы", – деді штаб төрайымы.

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) 11 млн-нан астам халқы бар ірі сауда-өнеркәсіп орталығы Ухан қаласында белгісіз пневмония шыққаны туралы хабарлады. 7 қаңтарда ауру қоздырғышы - nCoV вирусы екені анықталды.

Аталған вирус ҚХР-дан басқа 21 елде, оның ішінде РФ-да анықталған. ДДСҰ Қытайдағы індетті халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп таныды. Қазіргі уақытта Қытайда жаңа коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 9 800-ден асты, одан 200-ден астам адам көз жұмды.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу