Коронавирус сәлем-сауқат және азық-түлік арқылы таралмайды

1725

Қытайдан шыққан індет бір тәулік қана өмір сүреді.

Коронавирус сәлем-сауқат және азық-түлік арқылы таралмайды

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, коронавирус сәлем-сауқат пен азық-түлік арқылы таралмайды, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.  

"Ашық ортада бұл вирус тірі қалмайды. Ұзақ дегенді ол бір тәулік қана өмір сүреді. Оның таралуы үшін ең тиімді ауа температурасы 36-37 градус. Яғни бұл вирус тек адам және жануар ағзасында ғана тірі қалады. Сондықтан оның азық-түлік немесе сәлем-сауқат тасымалдау кезінде таралу мүмкіндігі төмен", – деді Жандарбек Бекшин.

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің сөзінше, Қытайдан келетін тауарлар темір жол арқылы 2-3 күнде жеткізіледі. Яғни, бұл аралықта вирус тірі қалмайды. Сонымен қатар ол кез келген азық-түлікті тұтынбас бұрын оны жуып, жоғары температурада өңдеуді ұмытпау керектігін айтты.

"Ал жеміс-жидек сынды шикізатты ағынды суда жуып, ыстық сумен шайқау керек", – деді Жандарбек Бекшин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу