Коронавирус салық түсіміне кері әсер ете бастады

898

Қытаймен тауар айналымы 22 пайызға кеміген. 

Коронавирус салық түсіміне кері әсер ете бастады

Коронавирус Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы әріптестермен тауар айналымына да кері әсер ете бастаған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетітің төрағасы Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

"Коронавирус Қытайда пайда болғандықтан, әрине, импорт жағы азайды.Қаңтар мен ақпанда Қытай тарапынан тауар айналымы 22 %-ға азайды. Оның ішінде автокөлікпен тасымалданатын тауар 24 %, теміржол арқылы тасымал 14  %-ға кеміді. Біздің жақын көршілерімізден, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінен келетін импорт та 20 %-ға азайды. Импорт азайған соң, ол жалпы түсімдерге де әсер етеді. Физикалық бақылау бойынша алсақ, былтырғы жылдың алғашқы екі айында 13 822 көлік жүкпен кірсе, биыл 10835 көлік қана кірген", – деді комитет төрағасы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу