Шұғыл штаб коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 2, Алматыда – 10, Шымкентте – 9, Қостанай облысында – 1.
"Осы сағатта Нұр–Сұлтан қаласы бойынша 383 адам, Алматы қаласында – 535 адам, Қарағанды облысында – 93 адам, Ақмола облысында – 82 адам, Атырау облысында – 80 адам, Жамбыл облысында – 61 адам, Шымкент қаласында – 80 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 44 адам, Ақтөбе облысында – 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 30 адам, Маңғыстау облысында – 12 адам, Қызылорда облысында – 149 адам, Батыс Қазақстан облысында – 63 адам, Түркістан облысында – 60 адам, Қостанай облысында – 20 адам, жалпы 1757 науқас тіркелді".
413 адам ауруынан жазылып шықты. Жұқпалы дерт 19 адамның өмірін қиды.