Коронавирус індетін жұқтырған тағы 39 жағдай тіркелді: Алматы қаласында – 18, Нұр–Сұлтан қаласында – 5, Қостанай облысында – 3, Атырау облысында – 4, Павлодар облысында – 2, Қарағанды облысында – 2, Алматы облысынжа – 1, Маңғыстау облысында – 1, Ақтөбе облысында – 3.
Шұғыл штаб Қазақстан бойынша осы уақытқа дейін барлығы 4160 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. Ең көп жағдай Алматы қаласында тіркеліп отыр – 1353 адам вирус жұқтырған. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан қаласы – 728 жағдай. Қызылорда облысында – 216, Шымкент қаласында 215 адам жұқпалы дертті жұқтырған. Ал Ақмола облысында – 101, Ақтөбе облысында – 163, Алматы облысында – 157, Атырау облысында – 206, Шығыс Қазақстан облысында – 30, Жамбыл облысында – 158, Батыс Қазақстан облысында – 198, Қарағанды облысында – 161, Қостанай облысында – 53, Маңғыстау облысында – 85, Павлодар облысында – 152, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында 154 жағдай тіркелген.
1173 адам емделіп жазылып шықты. 29 адам аталған індет салдарынан бақилық болды.