Коронавирус таратқан Хубэйден ұшақ қатынай бастады

1044

Билеттер бір күннің ішінде сатылып кеткен.

Коронавирус таратқан Хубэйден ұшақ қатынай бастады

Коронавирустың түпкі ошағы болған Хубэй провинциясында бүгінгі жексенбіде әуе қатынасы араға 63 күн салып қайта жанданды. "Интерфакс-Қазақстан" қытайлық ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, осындай ақпарат жариялады.

Провинциядан 100 бағыт бойынша жан-жаққа жолаушы тасымалдайтын 25 әуе комипаниясының қызметіне  сұраныс қатты сезілуде.  Әсіресе Шанхай, Шэньчжэнь, Гуанжоу, Ханьчжоу, Чунцин қалаларына қатынаушылар көп.

Еске салсақ, COVID-19 вирусының алғашқы ошағы ретінде танылған Хубэй провинциясы Қытай билігінің шешімімен қаңтар айында сыртқы әлем үшін жабық өңірге айналған болатын. Өздерінде пандемия қаупі сейілгеннен кейін, 27 наурыз күні ҚХР Сыртқы істер министрлігі 28 наурыздан бастап шетелдік азаматтар үшін Қытай шекарасы жабылатынын мәлімдеді. Тек дипломаттар мен "С" визалы меймандар, сыртта оқып жүрген қытайлық студенттер ғана ел аумағына кіріп жатыр. 

Қытай осылайша індеттің бетін қайтарса, ал өзге елдерде керісінше таралу қарқыны үдеп кетті. Таңғы сағат 8.00-дегі мәлімет бойынша әлемде коронавирус жұқтырған адамдар саны 663 213-ке жеткен. Оның 31 119-ы көз жұмған. Әзірге 140 мың адам вирусты жеңіп шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу