Коронавирус тіркелген лайнерде 4 қазақстандық бар

1049

Денсаулық сақтау министрлігі Diamond Princess лайнері туралы мәлімет берді.

Коронавирус тіркелген лайнерде 4 қазақстандық бар

Коронавирусқа байланыс карантинге алынған Diamond Princess лайнерінде Қазақстанның 4 азаматы бар. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп БАҚ-өкілдеріне осындай мәлімет айтты.

"Лайнерде Қазақстанның 4 азаматы бар. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Зертхана зерттеулерінің қорытындысы әлі шыққан жоқ. Лайнердегі карантин 19 ақпан күні алынуға тиіс", – деді ол арнайы брифингте. 

Оның айтуынша, лайнердегі 50 мемлекеттен жиналған 3700 жолаушы оқшауланған карантинге алынған. Әзірге 174 адамның коронавирус жұқтырғаны расталыпты. 
Diamond Princess лайнері 20 қаңтар күні Жапонияның Иокогама қаласынан 20 күндік саяхатқа шыққан болатын. Кагосима - Гонконг – Окинава маршруты бойынша жүзіп өткен кеме 4 ақпан күні қайтып келуі тиіс болған. Бірақ Гонконгте жағаға шыққан жолаушының бірі коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, 3 ақпан күні лайнер Иокогама портында күзетке алынған болатын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу