Коронавирус тіркелмеген Қостанай облысының дәрігерлеріне де үстемеақы төленеді

1264

"Қостанайда COVID-19-дың тіркелмеуі ешқандай феномен емес".

Коронавирус тіркелмеген Қостанай облысының дәрігерлеріне де үстемеақы төленеді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қостанайлық дәрігерлердің коронавиурспен ымырасыз күрес жүргізіп жатқанын айтты.

"Үстемеақы барлығына беріледі. Оның ішінде облыс аумағына инфекцияның кірмеуі үшін күрсесіп жатқан Қостанай облысындағы дәрігерлерге де төленеді. Карантиндік стационарда жұмыс істеп жатқан мамандар да бар. Өңірге сырттан келгендер карантинге жатқызылып жатыр. Сондықтан, бұл мәселеде геогорафиялық шектеулер жоқ", – деген министр аталмыш облыста коронавирус індетінің тіркелмеуі ешқандай феномен емес екенін айтты.

"Індет басталған кезде Қазақстанға қатысты да осындай сұрақтар болған. Бүкіл әлем жұқтырып жатқанда бізде қалайша ауру тіркелген жоқ деп күмәнданғандар болған. Жасырып отырсыздар ма деп сұраушылар да болды. Қостанай облысында әзірге індет тіркелмесе, ол ешқандай феномен емес. Қазір ондағы дәрігерлер ауруды өңірге кіргізбеу үшін барын салып жатыр. Ондағы медицина мамандарының жанкешті еңбегін атап өткім келеді. Облыста науқас тіркелген жағдай мамандардың тас-түйін дайын екенін жеткізгім келеді", – деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу