Коронавирус туралы алғашқы деректер жойылды

817

Бұған дейін ғалымдар мен саясаткерлер ресми Бейжің коронавирустың таралуы туралы мәліметті әдейі жасыруы мүмкін деп бірнеше рет айтқан еді.

Коронавирус туралы алғашқы деректер жойылды

Коронавирус түпнұсқасының геномы туралы алғашқы мәліметтер жойылды, яғни олар 2020 жылдың маусымында америкалық базалардан өшірілген, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg-тің дереккөздеріне сілтеме жасап. 

Нақтырақ айтқанда, 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет анықталған штамм туралы мәлімет жойылған. Вирус геномы туралы ақпарат АҚШ-тың ұлттық денсаулық сақтау институтының базасында сақталған еді. Оны Қытай билігі берген болатын. 

Бірақ содан кейін Қытайдың зерттеушілері бұл ақпаратты кері қайтарып алған. Олар вирус туралы ақпаратты жаңарту керектігін, деректердің сәйкессіздігін болдырмас үшін ескісін өшіріп тастау керек екенін алға тартқан екен. Енді SARS-CoV-2 туралы алғашқы деректердің жоғалуы күдік тудырып отыр. Мысалы, америкалық вирусолог Джесси Блум ҚХР билігі Уханьдағы індет туралы өзге ақпаратты да жасыруы мүмкін деген пікірде.

Бұған дейін ғалымдар мен саясаткерлер ресми Бейжің коронавирустың таралуы туралы мәліметті әдейі жасыруы мүмкін деп бірнеше рет айтқан еді.Мамыр айының соңында АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының республикашылдары инфекцияның қытайлық зертханадан таралғаны туралы құжатты жариялады. Құжатта бұған қатысты "маңызды жанама дәйектер" бар екендігі жазылған болатын. 

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу