Жаңа қаулыға сәйкес, облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы сағат таңертеңгі тоғыздан кешкі алтыға дейін қысқарды. Сонымен қатар ХҚО мамандары еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді.
Ал өңірдегі азық-түлік сататын базарлар мен жәрмеңкелердің жұмысына рұқсат етілді. Қоғамдық көліктер тек 50 пайыздық толымдылықпен сағат таңертеңгі тоғыздан он бірге дейін жүреді.
Діни нысандар маска мен әлеуметтік қашықтық режимін сақтай отырып, бір адамға 4 шаршы метр есебімен алаң бөлінген жаңдайда мешіттерде, православ шіркеулерінде, басқа да діни нысандардың аумағында ашық ауада діни іс-шараларды өткізуге рұқсат берілді.
Қаулыға сәйкес, Түркістан облысының аудан, қала әкімдері, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, "Атамекен" ҰКП бөлімдерінің, ұлттық компаниялар мен өнеркәсіп орындарының басшылары 3 айдың ішінде қарсы көрсетімі жоқ адамдарға вакцина салуға міндеттелді.
Қаулының толық мәтінін сілтеме арқылы өтіп, оқуға болады.
Аян Бекенұлы