Коронавирус уран экспортына қалай әсер етіп жатыр?

933

Компания басшылығы іссапарлар кестесін қайта қарауға дайын.

Коронавирус уран экспортына қалай әсер етіп жатыр?

Қазақстан өндіретін уранның ауқымды бөлігін тұтынатын Қытайда коронавирустың өршуі "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының жұмысына қалай әсер етті? Ұлттық атом компаниясының  жылдық жұмысы туралы ақпарат берген кәсіпорынның басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовқа БАҚ өкілдері осындай сауал қойды. 

"Бүгінге дейін коронавирус біздің қызметімізге әсер еткен жоқ. Бірақ бүгінгі жағдай созылып кетсе немесе нашарласа, табиғи уранды тұтынушыларымызға жеткізу жоспарына түзету енгізу қажет болатын шығар. Қажет болса сөйтеміз", – деген компания басшысы қызметкерлерін іссапарларға мұқият ойланып барып жіберетінін айтты.

"Біз індет айналасындағы ахуалды мұқият бақылап отырмыз. Іссапарлар мен өзге де кездесулер бойынша жоспарымызды түзетіп отырамыз. Абырой болғанда, біз бейнеконференциялар ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Тікелей кездесуге шықпай-ақ мәселені талқылаудың жолы көп. Өз қызметкерлерімнің іссапарларын мақұлдамас бұрын кімнің қайда, не үшін бара жатқанын мұқият зерттеймін. Мұндай жұмыс коронавирус басталмай тұрып жолға қойылған деп айтуға болады. Коронавируске дейін де, Иранның айналасында жағдай ушыққан кезде де жоспарларымызды жедел түзеткен болатынбыз. Сондықтан әзірге жұмыс қалыпты қарқынмен жүріп жатыр деуге болады", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу