Коронавирус: Венгрияда пандемияға байланысты тегін интернет қосылады

911

Елдегі Telekom, Telenor, Vodafone байланыс операторлары халыққа гигабайт үлестіруде. 

Коронавирус: Венгрияда пандемияға байланысты тегін интернет қосылады

Бұл компаниялар өз клиенттері үшін гигабайттарды іске қосты. Енді жергілікті халық интернетті ел аумағында және ЕО елдерінде пайдалана алады. Ескере кететін жайт, гигабайт мөлшері әр түрлі. Мысалы: Telekom мен Vodafone 5-10 гигабайт, Telenor 100 гигабайт бөліп отыр. Тарифті қосу үшін тұтынушылар бар болғаны тиісті хабарламаны SMS арқылы жіберуі керек.

Еске сала кетсек, Венгрияда коронавирустен қаза табу фактісі алғаш рет 15 наурызда тіркелген болатын. Ал ,жалпы, жұқтырғандардың саны 32-ге жетіп отыр. Осы орайда жергілікті билік мектептер, кинотеатрлар, музейлер, театрлар мен басқа да мекемелерді жауып тастады. Сонымен қатар кейбір қоғамдық іс-шаралардың өткізілуіне де тыйым салынды. 

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус індетін пандемия деп жариялаған болатын. Соңғы ресми мәліметке сүйенсек, әлем бойынша науқастардың саны 153 мыңнан асса, оның 6 мыңнан астамы қаза тапқан. Коронавирус 143 еліне таралып кеткен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу