Коронавирус жалға алушы азаматтарға қалай әсер етті?

912

Өндіріс тоқтап тұр, ал жаңа клиенттер байқалмайды    

Коронавирус жалға алушы азаматтарға қалай әсер етті?

Көмек сұраған 12,5 мың кәсіпкердің  60%-ы коронавируспен күрес және қызметті шектеу бойынша шаралар салдарын сезінді, деп хабарлайды atameken.kz.

"Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы" жарлыққа сәйкес мемлекет бизнесті қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырды, көп кәсіпорын уақытша жабылды. Мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша шараларды қабылдады. 0Мемлекеттік және қалалық биліктен мүлікті жалға алушылар 3 айға кейінге шегеру алды. Мемлекеттік мүлікті жалға алу төлемін кейінге шеге+

ҚР Азаматтық кодекстің "Мiндеттеменiң бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк негiздерi" 359-бабымен анықталатын жалға беруші және жалға алушы арасындағы қарым-қатынас бұл азаматтық-құқықтық қатынас болып саналады. Палатаның өңірлік өкілдері коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бойынша дауларды медиациялық қызметтерді көрсетеді. Мамандар объектілері карантинге жабылған 484 орынжай иесімен байланысқа шықты, оларға 15 мың жалға алушы хабарласты. Әзірге 48% (немесе  236 объект) жеңілдік жасауға дайын және түрлі шарттарда келісім жасауда.  

Алматыда кәсіпкерлердің бір бөлігі төлемді коммуналдық қызмет және күзет қызметіне ғана алуға келісті. Қостанайда жалға берушілер жалға алу құнын және маркетингтік төлемдерді қарызды кейінге қалдырмай тоқтатты. Атырау облысы және Шығыс Қазақстан облысының жалға алушылары жекелеген негізде объектілердің иелерімен соманы азайту немесе жалдау мерзімін кейінге қалдыру туралы келісе алады. Қарағанды облысы және Маңғыстау облысының жалға берушілері жалға беру келісімшартында қарастырлған айыппұлдық санкцияларды алып тастауға және жұмыс кестесі бойынша жалға алу құнын қайта есептеуге келісті. Сондай-ақ өңірге қарай кәсіпкерлерде 20-50% көлемінде жеңілдік алуға мүмкіндік бар.  

Сауалнама нәтижесі жалға берушілер мемлекет тарапына коммуналдық төлемдер мен қарыздарды кейінге шегеру, 2020 жылға корпоративті табыс салығын төлеуден босату бойынша көмек жасалса, жеңілдік жасауға дайын екенін көрсетті. Көптеген объекті жарияланған мүлік салығын төлеуден босатылмады, өйткені бұл нысандарірі сауда объектілері (ауданы 2000 шаршы метрден кем), сауда-ойын-сауық орталығы немесе көрме орындары емес. Жалға берушілер кәсіпкерлерге жеңілдік беруге неге асықпайды?

"Атамекен" үкіметке жалға берушілерді 2020 жылға мүлік салығынан босатуды және/немесе егер нысан иелері кәсіпкерлерді төлемнен босатса оларға коммуналдық төлемдер бойынша шегерім беруді ұсынды.

 ҚР Президенті мен Үкіметі қолдаудың алғашқы пакетін шағын және орта бизнесті қолдауға бағыттады. Алайда "Атамекенге" басқа да салаларда қиын жағдай туралы өтінімдер түсуде. Бірінші кезекте бұл өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс, логистика. Сондай-ақ қызмет және туризм саласындағы ірі бизнес те қолдау шараларынсыз қалып отыр.  

Ұлттық палата кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін жинақтап, басқа салалардағы кәсіпкерлерден сауалнама сұрақтарына жауап беруді сұрайды
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу