Коронавирус жаңа мәйітхана салуға мәжбүрледі

989

Былтыр короновирус дертінен адам өлімі көбейгенде Орал қаласындағы ескі мәйітхана сынның астында қалған. Енді 1,2 млрд теңгеге жаңа ғимарат салынатыны белгілі болып отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

Коронавирус жаңа мәйітхана салуға мәжбүрледі

Айта кетейік, өткен жылы қаладағы мәйітхана тоңазытқыштары істен шығып, күннің ыстығында қайтыс болған адамдардың мәйітін бірнеше күн бойына қабылдай алмай, дау-жанжалдар туған еді. Биыл заманауи патологоанатомиялық бюро құрылысына тендер жарияланып, оны "Альтаир" ЖШС компаниясы жеңіп алды. Айта кетейік, ол Батыс Қазақстан облысындағы осы саладағы ірі мекемелердің бірінен саналады. 

"Құлман" ЖШС құрастырған жұмыс жобасынан белгілі болғандай, екі қабатты ғимаратқа орналасатын патологоанатомиялық бюроның алаңы 3551,82 шаршы метр болмақ,  онда сексенге жуық адам жұмыс істейді деп есептеліп отыр, оның ішінде 13 дәрігер-патологоанатом, 24 орта медициналық персонал, 18 санитар және 25 басқа да қызметкерлер болады. Сондай-ақ, бюрода әкімшілік корпустан бөлек, қоштасу рәсімі өтетін зал, психологиялық зал, жүк сатысына дейін қарастырылған. Соның ішінде, мәйітханада жұмыс істейтін қызметкерлерге де барынша жағдай жасау көзделген, атап айтқанда, олар үшін үй кинотеатры, жұмсақ дивандар, тоңазытқыш, қысқатолқынды пеш, тамақтанатын орын, кофе-машина, сондай-ақ, тренажерлер мен фитнес залы болмақ. Жобалық құжатқа қазақ тілі кабинеті де кіргізіліпті. 

Құрылыс жақын күндері басталады деп күтілуде. Алайда, оның аяқталу мерзімі әзірге белгісіз.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу