Коронавирус: жаңадан 729 жағдай тіркелді

531

Қазақстандағы коронавирус бойынша 8 желтоқсан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Коронавирус: жаңадан 729 жағдай тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте 729 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды шұғыл штаб.

Еліміздің астанасында жұқтыру жағдайы салыстырмалы түрде көбейген. Нұр-Сұлтан қаласында –өткен тәулікте 106 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Ал өзге екі мегаполис: Алматы қаласында – 68, Шымкент қаласында – 4.

Аймақтар арасында ең көп жағдай ШҚО-да тіркелді – 95, дегенмен алдыңғы аптадағы көрсеткіштермен салыстырғанда төмендеу байқалады. Одан кейінгі орындарда солтүстік өңірлер тұр: Павлодар облысында – 98, Қостанай облысында – 74, Солтүстік Қазақстан облысында – 70.

Қалған аймақтар: Ақмола облысында – 60, Ақтөбе облысында – 8, Алматы облысында – 22, Атырау облысында – 34, Шығыс Қазақстан облысында – 95, Жамбыл облысында – 22, Батыс Қазақстан облысында – 34, Қарағанды облысында – 30, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында 3 жағдай тіркелді.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 138382.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу