Коронавирус жұқтырған 14 адамның қазіргі жағдайы қалай

1142

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы коронавирустық инфекция бойынша қазіргі жағдайы мәлім етті.

Коронавирус жұқтырған 14 адамның қазіргі жағдайы қалай

"Бүгін 17 наурыз күні 14 Қазақстан азаматынан коронавирус анықталды. Қалалық стационардың инфекциялық блогында 5 адамнан атылмыш инфекция табылды. Төртеуі Италия мен Оңтүстік Кореядан келген рейспен жеткен. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қалалық стационардың инфекциялық блогында бір адамды тексере келе, оның инфекция жұқтырғаны анықталды. Қазір жағдайы орташа деңгейде ауыр", – деді денсаулық сақтау саласының маманы.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының айтуынша, басқа науқастардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық.

"Ал қалған 9 адам эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келген немесе науқас адамдармен қарым-қатынасқа түскен. Олардың да жағдайы қанағаттанарлық. Қазір қарым-қатынасқа түскен адамдар анықталуда", – деп сөзін түйіндеді  Сәуле Қисықова.

Нұржан Көшкін

Коронавирус, инфекция, Қазақстан азаматы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу