Қазақстанда COVID-19 алғаш рет тіркелген кезден бастап жұқпалы аурулар стационарларына 21 шетелдік жатқызылған. Қазіргі кезде оның 14-і сауығып, ауруханадан шығарылды, деп мәлімдеді мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова.
"Коронавирустық инфекция тіркелген алғашқы кезеңнен бастап біздің стационарларға 21 шетелдік түсті. Оның 14-і ауруханадан шығарылса, жетеуі ем қабылдауда. Оның екеуі Нұр-Сұлтанда, үшеуі Атырауда, біреуі Қостанай облысында және тағы біреуі Солтүстік Қазақстан облысында. Науқастардың жаңдайы тұрақты", – деді Нұр-Сұлтанда өткен брифингте мемлекеттік бас санитарлық дәрігер.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу