Коронавирус жұқтырған 144 пациенттің жағдайы өте ауыр

813

Өткен тәулікте коронавируспен 1 031 адам тіркелді. 1 080 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ хабарламасына сүйеніп.

Коронавирус жұқтырған 144 пациенттің жағдайы өте ауыр

Осылайша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 949 630 жетсе, жазылып шыққандар саны 901 843 адам болды.

8 қарашадағы мәлімет бойынша 40 856 адам коронавирус инфекциясынан (35 528 КВИ+ және 5 328 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 563 пациент стационарда, 
 33 293 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 556 адамның жағдайы ауыр, 144 пациенттің жағдайы өте ауыр, 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу