Елімізде коронавирус жұқтырған 2 адам жазылды

1422

Олар 26 наурызда ауруханадан шығарылады. 

Елімізде коронавирус жұқтырған 2 адам жазылды

Коронавирус жұқтырған 2 науқас жазылды. Енді олар 26 наурызда ауруханадан шығарылады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті. 

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде 80 адамның коронавирус жұқтырғаны ресми түрде тіркелді. Науқастардың 31-і – Алматыда, 41-і – Нұр-Сұлтанда, 2-еуі –Қарағандыда, 1-еуі – Алматы облысында, тағы 1-еуі – Ақтөбе облысында, 2-еуі –Шымкентте, 1-еуі – Солтүстік Қазақстан облысында, 1-еуі Жамбыл облысында.

Айта кетсек, 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізіліп, 15 сәуірге дейін жалғасады. Ал 19 наурыздан бастап екі қала – Алматы мен Нұр-Сұлтан карантинге жабылды.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус індетін пандемия деп таныған болатын. Қазір ұйым ауру симптомдары жасырын адамдардан вирустың қалай жұққанын зерттеп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу