Коронавирус жұқтырған 58 медицина қызметкері үстемеақы алды

613

Инфекциялық стационарлардың жүктемесі 30%.

Коронавирус жұқтырған 58 медицина қызметкері үстемеақы алды

Алматыдағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен онлайн брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров медицина мамандарының індет жұқтыру көрсеткішіне тоқталды. 

Оның сөзінше Денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырған "ақ халаттылардың"  тізімін жасау үшін арнайы портал ашқан. Қазіргі кезде оған 682 медицина маманының деректері енгізілген.  

"Біздің басқарма коронавирустық инфекция жұқтырған медицина қызметкерлерінің тізімін жасауда белсенді жұмыс істеуде. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі жасаған арнайы порталға 602 қызметкердің картасы енгізілген. 58 адам үстемақы алып үлгерді", – деді басқарма басшысы. 

Бұған қоса Қамалжан Надыров Алматыда індеттен ешбір медицина қызметкері қайтыс болмағаннын атап өтті. 

"Әріптестеріміздің ертерек өтемақы алғанын қалаймыз. Алайда қазір Республикалық электрондық денсаулық орталығының жасап жатқан электронды порталын күтіп отырмыз. Бұл әзір болған соң әр маманның эпидемиологиялық картасын енгізетін боламыз. Осы уақытқа дейін Алматы қаласы бойынша дәрігерлер мен медбикелерден ешкім көз жұмған жоқ. Жедел жәрдем жүргізушісі мен Орталық клиникалық аурухананың лифтері қайтыс болған. Олардың отбасына қаражат беріледі", – деді басқарма басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу