Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғанын жасырған жүкті әйел үшін перзентхана жабылды

1375

Ғимаратқа дезинфекция жұмыстары жүргізілді.  

Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғанын жасырған жүкті әйел үшін перзентхана жабылды

Алматыда коронавирус анықталған адаммен байланыста болғанын жасырған жүкті әйел үшін бүтін бір перзентхананы жабуға тура келді, деп хабарлайды Atameken Business.

 Емделуші қабылдау бөліміне түскеннен қауіпті дерт расталған адаммен қатынаста болғанын айтпаған. Салдарынан, перзентхана науқастарды қабылдауды тоқтатты. Жүкті әйелдердің бір бөлігі өзге медициналық мекемелерге орналастырылды. Қалғандарын үйлеріне жіберіп, оқшаулаудан басқа амал табылмапты.

Алдағы уақытта ковид 19 диагнозына қайта тексеру жоспарланып отыр. Коронавирус белгілері анықталмаса медициналық мекеме штатты түрде жұмысын жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу