Коронавирус жұқтырған Борис Джонсонның жағдайы жақсарды

830

Ол қашықтықтан жұмыс істеуін тоқтатқан.

Коронавирус жұқтырған Борис Джонсонның жағдайы жақсарды

Коронавирус жұқтырған Британия премьер-министрі Борис Джонсонның беті бері қарады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.Бірақ ол әлі де интенсивті терапия бөлімінде тиісті ем-дом қабылдап жатыр. Ол ауруға шалдықса да, мемлекет істерін онлайн түрде жүргізген болатын. Дегенмен соңғы күндері ол қызметін атқаруды уақытша тоқтатып тастады.

Елдің мәдениет министрі Оливер Дауден: "Үкімет басшысының денсаулығы жақсарып келеді. Ол қазір мамандардың жіті бақылауында", – деді. 

Бүгінгі таңда экономика көрсеткіші бойынша бесінші орындағы бұл ел Екінші дүниежүзілік соғысынан бергі ең қиын экономикалық жағдайды бастан кешіруде: салық қысқарып, шығындар көбейіп кеткен. Осы орайда қазір жергілікті үкімет екі мәселені талқылап жатыр. Біріншісі  - пандемиядан зардап шеккен экономиканы қолдау мақсатында қабылданатын шаралар жай-жапсары. Екіншісі – оқшаулану шарасының қашан аяқталатынын белгілеу. 

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметі бойынша, елдегі науқастардың саны 61 мыңнан асып, оның 7 мыңы қаза тапқан. Жергілікті мамандар індет әлі де өршіп, осы аптаның соңында вирус құрбандарының саны күрт өсуі мүмкін деп топшылап отыр. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу