Коронавирус жұқтырған дәрігерге 2 млн теңге сақтандыру төлемі беріледі

1356

Үкімет төтенше жағдай кезінде дәрігерлердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру тәртібін бекітті.

Коронавирус жұқтырған дәрігерге 2 млн теңге сақтандыру төлемі беріледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавируске шалдыққан дәрігердің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты. 

"Медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда 2 млн теңгенің мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, бірақ егер медицина қызметкерлері қайтыс болса, 10 млн теңге мөлшерінде төлемақы беріледі. Бұл жаңалық тек дәрігерлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың рухын көтереді деп сенеміз", – деді министр кезекті онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу