Коронавирус жұқтырған мұнайшылар Президенттен көмек сұрады

1143

Солтүстік Бозашы кен орнының коронавирус жұқтырған 100-ге жуық жұмысшысы Президенттен көмек сұрайды.

Коронавирус жұқтырған мұнайшылар Президенттен көмек сұрады

Жұмыста сырқаттанып қалған бір топ мұнайшы "Бузачи опирэйтинг лтд" басшылығына наразы. Сөздерінше, жұмыс беруші коронавирус жұқтырғандарды үйіне қайтармақ, деп хабарлайды Atameken Business. 

Кеншілер үйлеріне қайтудан бас тартуда. Ал кәсіпорын басшылығы болса ешқандай медициналық көмек көрсете алмайтынын, тек спортзалға жайғастырып, күнделікті тамақтарын ғана бере алатынын жеткізіпті.

Басшылықтан күдерін үзген кеншілер кімнен көмек сұрарын білмей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан қол ұшын созуды сұрайды.

Ал Маңғыстау облысының әкімдігі қазір кәсіпорын жетекшілерімен келіссөз жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу