Коронавирус жұқтырған семейлік жұппен 6 адам тығыз байланыста болған

970

Науқаспен байланыста болған бір әйелден бронхо-пневмания анықталды.

Коронавирус жұқтырған семейлік жұппен 6 адам тығыз байланыста болған

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан коронавирус жұқтырған семейлік отбасы туралы ақпарат берді.

"28 наурызда келген 7 адамның төртеуінде анализдері теріс болып, 2 адамда өкінішке қарай оң  нәтижелі анализ болды. Тағы бір тұрғын осы отбасымен тығыз байланыста болған. Сонда барлығы 8 адам назарымызда. Науқастармен қатынаста болған 2 адамның анализдері қазір жұмыста. Олар ауруханада. Дәрігерлер күнделікті тексеріс жүргізіп жатыр. Коронавирус анықталған ерлі-зайыптылар 26 наурыз күні  жедел жәрдеммен өз үйінен арнайы капсуламен әкелініп, стационарға жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауырлықта. Арасында коронавирус инфекциясы расталған 1959 жылғы бір ер адамға екі жақтық ошақтық пневмания диагнозы қойылып тұр. Сонымен қатар, қатынаста болған 1960 жылғы әйел адамға сол жақтық төменгі бөлікті бронхо-пневмания диагнозы қойылды. Олардың бәрі дәрігерлердің қадағалауында. Қазіргі таңда керекті ем шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар олардың тұрғылықты жерінде қосымша арнайы санитарлық эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр", –деді басқарма басшысы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу