Коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 адам тiркелді, Алматы облысында – 1 адам, Нұр–Сұлтан қаласында – 3 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, Алматы қаласында – 10 адам. Бұл туралы шұғыл штаб сайтында хабарланды.⠀
"Осы сағатта Нұр–Сұлтан қаласы бойынша 297 адам, Алматы қаласында – 380 адам, Қарағанды облысында – 81 адам, Ақмола облысында – 80 адам, Атырау облысында – 70 адам, Жамбыл облысында – 49 адам, Шымкент қаласында – 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 25 адам, Ақтөбе облысында – 13 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 26 адам, Павлодар облысында – 11 адам, Маңғыстау облысында – 11 адам, Қызылорда облысында – 127 адам, Батыс Қазақстан облысында – 18 адам, Түркістан облысында – 49 адам, Қостанай облысында – 5 адам, жалпы 1290 науқас тіркелді",– деп мәлімет берілген coronavirus2020.kz сайтында.
220 адам емделіп, дертінен жазылып шықты. Өкінішке қарай, қайтыс болғандар саны бүгін 15-ке жетті.