Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Хабар-24" арнасында тікелей эфирге шығып, коронавирус жұқтырған тағы екі адамның тіркелгенін хабарлады.
"Бүгін таңда тағы да екі науқас тіркелді. Бірінші науқас – 1959 жылы туған әйел адам. Біздің инфекциялық стационарда жатқан науқас. Бұрын күйеуінде диагноз анықталып, жақын контакт ретінде оқшаулауда жатқан. Қосымша диагностиканың нәтижесі бойынша коронавирустық инфекция табылды. Бұл отбасының барлық жақын контактары қазіргі күнде изоляцияда, сол инфекцялық ауруханада", –деді министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу