Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 66 жаңа жағдайы тіркеліп, 98 адам жазылып шықты, деп хабарлады сәрсенбіде COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бұдан бір күн бұрын коронавирус жұқтырған 60 жағдай белгілі болған еді.
Жалпы республика бойынша бүгінге дейін коронавирус жұқтырудың 108 мың 362 жағдайы расталған. Оның ішінде Алматыда - 14409 (+6), Нұр-Сұлтанда - 14145 (+11), Атырау облысында - 11112 (+6), Қарағанды облысында - 10317 (+3) ), Шығыс Қазақстан облысында - 8849 (+14), Батыс Қазақстан облысында - 6872 (+2), Шымкентте - 5193 (+2), Алматы облысында - 4985 (+2), Жамбыл облысында - 4131 (+1), Солтүстік Қазақстан облысында - 4160 (+8), Павлодар облысында - 3959 (+4), Қостанай облысында - 3502 (+2), Ақмола облысында - 3506 (+2), Түркістан облысында - 3382 (+2), Маңғыстау облысында - 3343 (+0), Ақтөбе облысында - 3252 (+0), Қызылорда облысында - 3245 (+1) жағдай тіркелген.
Тәулік ішінде 98 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда - 1, Шымкентте - 38, Ақтөбе облысында - 3, Жамбыл облысында - 11, Қарағанды облысында - 9, Қызылорда облысында - 1, Маңғыстау облысында - 30, Павлодар облысында - 5 адам.
Жалпы елімізде COVID-19 індетінен жазылған адамдардың саны 103 465-ке жетті.