Жапония мен Германия азаматтары Қытайда болмай-ақ вирус жұқтырып алды

997

Екеуі де қазір дәрігерлердің бақылауында. 

Жапония мен Германия азаматтары Қытайда болмай-ақ вирус жұқтырып алды

Қос елдің билігі коронавирус жұқтырған екі азаматының да Қытайға мүлдем аяқ баспағанын растады. 

60 жастағы жапондық Нара қаласында туристік автобустың жүргізушісі болып қызмет етеді. Қаңтар айының басында Ухань қаласынан Жапонияға келген саяхатшыларды көлігімен тасыған. 25 қаңтар күні оның пневмонияға шалдыққаны анықталып, дереу ауруханаға жеткізілді. 

Ал Германияның ресми өкілдерінің дерегінше, мұндағы науқас жаңа коронавирусты Германияға келген қытайлық әріптесінен жұқтырып алған. Қазір оның денсаулығы қалыпты, деп хабарлайды The Independent басылымы.

Ал Қытайдан келген әйел адам да қазір Шанхайдағы дәрігерлердің бақылауында.  

Қытайдың CGTN басылымының соңғы мәліметіне сүйенсек, коронавирустан ажал құшқандардың саны 132-ге, ал жұқтырғандардың қатары 5997-ге дейін өскен. Қаза тапқандардың барлығы да Қытай азаматтары.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу