Өткен тәулікте 1809 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлады inbusiness.kz шұғыл штабқа сілтеме жасап.
Жұқтырғандар саны ең көп тіркелген қала – Алматы, мегаполисте бір тәулікте 585 адамның індетке шалдыққаны анықталды. Ал Нұр-Сұлтанда – 242, Шымкентте – 30, Ақмола облысында – 60, Ақтөбе облысында – 153, Алматы облысында – 278, Атырау облысында 64 адамның COVID-19 жұқтырғаны расталды.
Өзге де аймақтар: Шығыс Қазақстан облысында – 23, Жамбыл облысында – 28, Батыс Қазақстан облысында – 101, Қарағанды облысында – 90, Қостанай облысында – 34, Қызылорда облысында – 39, Маңғыстау облысында – 11, Павлодар облысында – 31, Солтүстік Қазақстан облысында – 24, Түркістан облысында 16 адам тіркелді.
Елге індет кіргелі бері оны жұқтырғандардың жалпы саны 256837-ге жетті, олардың 226378-і жазылған.