Коронавирус жұқтырғандар қатарына өткен тәулікте 652 адам қосылды

719

Қазақстандағы коронавирус бойынша 20 желтоқсан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Коронавирус жұқтырғандар қатарына өткен тәулікте 652 адам қосылды

Қазақстанда өткен тәулікте 652 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлады шұғыл штаб.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 58, Алматы қаласында – 72, Ақмола облысында – 58, Ақтөбе облысында – 6, Алматы облысында – 41, Атырау облысында – 49, Шығыс Қазақстан облысында – 68, Жамбыл облысында – 8, Батыс Қазақстан облысында – 40, Қарағанды облысында – 30, Қостанай облысында – 65, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында – 13, Павлодар облысында – 75, Солтүстік Қазақстан облысында – 63, Түркістан облысында 5 адамнан анықталған.

Жалпы ел бойынша қазіргі уақытқа дейін ауырғандар саны – 147236.

Айта кетсек, кеше Үкімет басшысы Асқар Мамин еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы жайында Президентке есеп берген болатын. Премьер-министрдің айтуынша, күнделікті жаңадан індетке шалдыққандардың саны 0,4 пайызға өсіп отыр, еліміз бойынша коронавирустың өршу деңгейінің көрсеткіші 0,9 пайызды құрайды. Жұқпалы аурулар ауруханаларының 28 пайызында, жансақтау бөлімдерінің 20 пайызында адамдар емделіп жатыр. Қазіргі уақытта COVID-19 індетінің таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл аймақта", Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары аймақта", қалған өңірлердің барлығы "жасыл аймақта" тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу