Шұғыл штабтың хабарлауынша, өткен тәулікте елімізде 1266 адамнан коронавирус анықталған. Оның 215-і Ақмола облысында, 197-сі Павлодар облысында тіркелді. Сондай-ақ Алматы қаласында да жұқтырғандар саны көп – 132. Одан кейінгі орында Солтүстік Қазақстан облысы тұр – 110 адам.
Өзге де аймақтар: Қостанай облысында – 104, Батыс Қазақстан облысында – 97, Нұр-Сұлтан қаласында – 91, Атырау облысында – 84, Алматы облысында – 71, Қарағанды облысы – 79, Шығыс Қазақстан облысында – 45, Жамбыл облысында – 21, Түркістан облысында - 8, Шымкент қаласында – 7, Қызылорда облысында - 3, Маңғыстау облысында - 2, Ақтөбе облысында - 0.
Елде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері 179720 адам жұқтырған.