Коронавирус жұқтырғандар саны 1949-ға жетті

714

Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 сәуір сағат 09:35 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай.

Коронавирус жұқтырғандар саны 1949-ға жетті

Шұғыл штаб коронавирус инфекциясы бірден 97 адамнан анықталғанын хабарлады. Оның ішінде Қостанай облысында – 4, Алматы қаласында – 62, Жамбыл облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 4, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Шымкент қаласында – 2, Түркістан облысында – 5, Маңғыстау облысында – 1, Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Қызылорда облысында – 2, Қарағанды облысында – 6.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 390 адам, Алматы қаласында – 668 адам, Қарағанды облысында – 99 адам, Ақмола облысында – 82 адам, Атырау облысында – 80 адам, Жамбыл облысында – 65 адам, Шымкент қаласында – 92 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 11 адам, Алматы облысында – 50 адам, Ақтөбе облысында – 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 33 адам, Маңғыстау облысында – 13 адам, Қызылорда облысында – 151 адам, Батыс Қазақстан облысында – 68 адам, Түркістан облысында – 65 адам, Қостанай облысында – 25 адам, жалпы 1949 науқас тіркелді",– деп жазылған хабарламада.

Кеше түнгі 22:15-те 1852 науқастың тіркелгені хабарланған еді.

Жалпы 447 адам ем алып, жазылып шыққан.

Жұқпалы аурудан 19 адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу