Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді, деп хабарланды шұғыл штабтан. Оның 2-еуі Нұр-Сұлтанда, 13 адам –Алматыда, 7-еуі Алматы облысында тіркелген.
"Осы сағатта Нұр–Сұлтан қаласы бойынша 403 адам, Алматы қаласында – 693 адам, Қарағанды облысында – 101 адам, Ақмола облысында – 83 адам, Атырау облысында – 82 адам, Жамбыл облысында – 76 адам, Шымкент қаласында – 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 11 адам, Алматы облысында – 62 адам, Ақтөбе облысында – 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 37 адам, Маңғыстау облысында – 16 адам, Қызылорда облысында – 151 адам, Батыс Қазақстан облысында – 72 адам, Түркістан облысында – 66 адам, Қостанай облысында – 34 адам, жалпы 2047 науқас тіркелді",– деп жазылған хабарламада.