Шұғыл штаб коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 11 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде Түркістан облысында – 2, Шымкент қаласында – 4, Қызылорда облысында – 3, Атырау облысында – 2.
"Осы сағатта: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 529 адам, Алматы қаласында – 848, Шымкент қаласында – 175, Ақмола облысында – 93, Ақтөбе облысында – 57, Алматы облысында – 97, Атырау облысында – 123, Шығыс Қазақстан облысында – 16, Жамбыл облысында – 105, Батыс Қазақстан облысында – 122, Қарағанды облысында – 128, Қостанай облысында – 43, Қызылорда облысында – 182, Маңғыстау облысында – 27, Павлодар облысында – 105, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 111, жалпы 2791 науқас тіркелді",– деп жазылған хабарламада.
Бүгінге дейін 682 адам дертінен емделіп шыққан. Ал 25 адам ауру салдарынан көз жұмды.